Бұл туралы ФИФА баспасөз қызметінен хабарланды.
Бұған Нигерия құрамасына (топтық кезеңнің 3 туры), Швейцария (1/8 финал) және Бельгия (1/4 финал) құрамаларына қарсы ойындар алдындағы міндетті баспасөз мәслихатына бас жаттықтырушысы Алехандро Сабельяның жалғыз келуі түрткі болған. Шарт бойынша оған кем дегенде ойыншылардың бірі қатысуы тиіс. Жартылай финалдық матч алдында да осындай жағдай қайталанған.