ӘЧ-2014: ФИФА стадиондардағы мас жанкүйерлердің көптігіне алаңдаушылық білдіріп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы Бразилиядағы әлем чемпионаты стадиондарындағы мас жанкүйерлердің көптігіне алаңдаушылық білдіріп отыр, деп мәлімдеді ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке.

«Мен көптеген жанкүйерлердің өздерін ішімдікпен улау деңгейіне қайранмын және алаңдаулымын. Адамдар ішімдікті осыншалық көп ішкенде, ол күш көрсету деңгейін арттырады», - дейді Вальке. - Біз әрқашан қауіпсіздікті назарда ұстаймыз, және қажет болса, біз алкогольді стадиондар мен олардың маңында сатуды қатаң бақылауға аламыз».

Бразилиядағы әлем чемпионатының ширек финалдық ойындары 4-5 шілдеде өтеді.