ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия құрамасының футболшысы басынан жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Кристоф Крамер футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина командасымен кездесу кезінде басынан жарақаттанды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Бұл туралы Неміс футбол одағының баспасөз қызметінен хабарлаған. Аргентиналық қорғаушы Эсекьел Гараймен соқтығысып қалған соң екі минуттан кейін Крамерді алаңнан алып кетуге мәжбүр болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ойыншының миы шайқалған. Нақты диагноз толық медициналық тексеруден өткен соң қойылмақ.