«Бөлмелердегі салқындатқыштардан және жиі көшіп-қона бергендіктен ойыншыларға суық тиді. Ойынға дейін олар тәуір болады деген үміттеміз», - деді Й.Лев БАҚ-қа берген сұхбатында.
Бразилияда Германия құрамасы футболшыларының денсаулықтары сыр берген. Жаттықтырушының сөзіне қарағанда, сырқаттанып қалғандықтан шабуылшы Лукас Подольски мен Матс Хуммельс Алжир құрамасына қарсы ойынға қатыса алмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Қазір ол ойыншылар сауықты. Бастиан Швайнштайгер, Сами Хедира және Филипп Лам да айығып келеді. Бірақ, Кристоф Крамердің жағдайына алаңдаймын» - деген бапкер өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Франция - Германия матчы 4 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.