«Біз 2.0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанамыз»,- дейді ол.
Беккенбауэрдің сөзіне қарағанда, Бразилиядағы турнирдің барысы 1990 жылы Италияда өткен мундиальді еске түсіріп отыр. Сол кезде оның басшылығымен ГФР командасы чемпиондық титулды жеңіп алған еді.
Сонымен қатар Беккенбауэр биылғы чемпионат барысында Германия құрамасының бапкері Йоахим Лев барлығын дұрыс істеп отырғандығын атап өтті.
Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық ойыны 13 шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді. Бұл ақтық сайыста Германия мен Аргентина құрамалары бақтарын сынамақ.