ӘЧ-2014: Германия португалдықтарды iрi есеппен ойсыратып ұтты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Германия құрамасы Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатында Португалия командасын 4:0 есебiмен ұтып кеттi.

Бiрiншi таймның 12-минутында Португалия ойыншысы Перейра Гетценi өзiнiң айып алаңында шалып жыққан болатын. Айып добын Томас Мюллер мiнсiз орындап, есеп ашты. Жиырма минуттан кейн Хуммелс есептi еселей түстi. Ал ойынның 46-минутында Мюллер дубль авторы атанып, есептi 3:0-ге жеткiздi.

Екiншi таймда португалдар немiстерге қарсы ешқандай әдiс қолдана алмай, жiгерлерi құм болды. 78-минутта Томас Мюллердiң тағы бiр голынан кейiн, Криштиано Роналду бастаған команданың үмiтi сөндi және немiстерге қарсы ештеңе көрсете алмады. Ал Томас Мюллер Бразилиядағы әлем чемпионатында хет-трик жасаған алғашқы шабуылшы атанып отыр.