ӘЧ-2014: Голландия-Мексика матчы Twitter-де 9 млн-нан астам хабарлама жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter пайдаланушылары футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Мексика құрамалары арасындағы матч кезінде 9,2 миллион хабарлама қалдырған, деп мәлім етті әлеуметтік желінің баспасөз қызметі.

Жексенбі Форталезада өткен кездесу 2:1 есебімен голландиялықтардың пайдасына шешіліп, олар турнирдің ширек финалына шықты. Жеңіске жеткізген Клаас-Ян Хюнтелаардың пенальтиден соққан голы 263 мың твит жинап, ең көп талқыланған оқиғаға айналды.

Екінші кезекте ойынның нәтижесі сөз болды, оның барысында 239 мың хабарлама жазылды. Сондай-ақ қызу талқыланған оқиғалардың бірі Рафаэль Маркеске көрсетілген сары карточка болды. Оған 232 мың твит жиналды.