Топта бiрде-бiр ұпай жинай алмаған қос команда ең соңғы ойындарын өткiзген болатын. Бұл ойында Испания құрамасы Австралияны 3:0 есебiмен жеңiп кеттi.
Бiрiншi таймда Давид Вилья есеп ашса, екiншi таймда 69-минутта Фернандо Торрес көзге түстi. Ал матчтың соңында Хуан Мата есептi 3:0-ге жеткiздi.
Айта кетейiк, бұл топта нидерландықтар 9 ұпаймен бiрiншi орынды еншіледі. 6 ұпай жинаған Чили құрамасы плей-оффқа жолдама алды. Ал Испания бiр жеңiсiмен топтан шыға алмады. Австралия 0 ұпаймен көш соңында қалды.