ӘЧ-2014: Италия құрамасының бас бапкері отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия футбол құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли әлем чемпионатында командасының уругвайлықтардан жеңілісінен соң отставкаға кетті, деп хабарлайды «Р-Спорт» агенттігі.

Сондай-ақ, Италия футбол федерациясының президенті Джанкарло Абете де өз орнын босатуға шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, итальяндықтар уругвайлықтардан 0:1 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының 1/8 финалына өте алмай қалды. Олар өз тобында Коста-Рика және Уругвай командаларын алға салып, үшінші орынды иеленді.