ӘЧ-2014: Камерун құрамасы Мексикаға жол бердi - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда Әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Мексика құрамасы мен Камерун футболшылары кездестi. Бiрiншi таймда 3 гол соғылғанымен, оны қапталдағы төрешiлер офсайдтың кесірiнен санаған жоқ. Әсiресе Мексика командасының шабуылшысы Дос Сантостың екi голы қайталау барысында әдiлеттi саналмады деуге қиын.

Бұл Бразилиядағы XX мерейтойлық әлем бiрiншiлiгiндегi қазылардың қате кеткен бiрiншi оқиғасы емес. Кеше Бразилия - Хорватия кездесуiнде бас қазы хорватиялықтардың қақпасына пенальти белгiледi. Дегенмен сарапшылар мен футбол мамандары оның қате болғандығын атап өтiп, үлкен дау шығарған болатын. Ойынның алғашқы голы екiншi таймда 61-минутта соғылды. Гол авторы 19-нөмiрлi мексикалық жартылай қорғаушы Перальта болды. Камерун футболшылары қарсыластарының қақпасына оқтын-оқтын шабуыл жасап отырғанымен, есептi теңестiре алмады. Бүгiн, 13 маусым күнi Бразилияда 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының тағы екi кездесуi өтедi. Астана уақытымен 01:00 сағатта әлемнiң қазiргi чемпиондары Испания құрамасы голландиялықтармен (KazSport пен "Қазақстан" арналары трансляциялайды) кездеседi. Ал сағат 04:00-де Аустралия мен Чили футболшылары ("Еуразия" арнасы) ойнайды.