Бейнежазба футболшыны зембілде дәрігерлер бөлмесіне жедел алып бара жатқан кезде жасалған. Ғаламторға салынған бұл түсірілім көпшіліктің наразылығына қалды. Себебі, ол Неймарды бейнетаспаға түсіргесін, камераны өзіне қаратып, қолымен «жеңіс» белгісін көрсеткенімен қоймай, көрерменге жалынды сәлем жолдаған.