ӘЧ-2014: Колумбия Президенті тұрғындарды футбол көру үшін жұмыстан босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан Бразилия-Колумбия матчын Колумбияның барлық тұрғындары көре алады деп мәлімдеді.

Президенттің жарлығына сәйкес, 4 шілде күні колумбиялықтардың жұмысы 13:00-ге дейін ғана болды. Осыдан кейін тұрғындар үйлеріне немесе қоғамдық жерлерге барып футболды тамашалай алады. Матч жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталмақ.

Сондай-ақ Сантос тұрғындарды футболды жанжалсыз, тыныш атап өтуге шақырды. Өйткені гректермен өткен матчтың жеңісін (3:0) тойлау кезінде Колумбияда оннан астам адам қаза тапқан болатын.

Айта кетейік, Бразилия - Колумбия матчы Астана уақыты бойынша сағат 02:00-де өтеді.