Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын.
Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын. Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттарда алдымен Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi. Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.