Бұл матчта аргентиналықтар сапынан Лионель Месси дубль авторы (3, 45 1 минуттарда) атанса, Маркес Рохо мундиальдағы алғашқы голын (50 минут) салды.
Ал нигериялықтардан Ахмед Мұса 4-ші және 47-шi минуттарда Аргентина қақпасына екi гол тоғытты.
Осы жеңiсiнен кейiн Аргентина F тобында 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Нигерия құрамасы да 4 ұпаймен 1/8 финалға жолдама алып отыр.
Ал Босния және Герцеговина мен Иран құрамалары плей-оффқа шығар мүмкiндiктен қағылды.