ӘЧ-2014: Мундиальдiң үздiк шабуылшысы Колумбияны ширек финалға шығарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Колумбия мен Уругвай құрамалары кездестi.

2:0 есебiмен аяқталған ойында колумбиялық Хамес Родригез дубль авторы атанып, бес голмен мундиальда әзiрге ең көп гол салған футболшы болып отыр. Еске сала кетейiк, әлем чемпионатында Неймар, Мюллер мен Месси төрт голмен ең үздiк сұрмергендер көшiн бастап келе жатқан болатын.

Осы жеңiсiнен кейiн Колумбия құрамасы ширек финалға шыққан екiншi команда. Бұның алдында бiрiншiлiк иелерi - Бразилия келесi кезеңге өттi.