ӘЧ-2014: Нигерия Босния және Герцоговина құрамасын жеңiп, плей-оффқа бiр қадам жақындады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилия футболдан әлем чемпионатында Нигерия-Босния және Герцоговина кездесуi 1:0 есебiмен африкалықтардың пайдасына шешiлдi.

Жалғыз голды ойынның 29-минутында Одемвингие салды. Осы жеңiстен кейiн Нигерия 4 ұпай жинап, топта екiншi орын иеленiп отыр. Бiрiншi орында 6 ұпаймен Аргентина тұр. Иран құрамасы 1 ұпаймен үшiншi сатыда болса, Босния және Герцоговина бiрде-бiр ұпайсыз соңғы орынға жайғасқан.

Келесi ойынды Нигерия Аргентинамен ойнайды. Егер африкалықтар ол матчта жеңiлмесе, плей-оффқа шығады. Немесе келесi ойында Иран жеңiске қол жеткiзбесе болғаны.