ӘЧ-2014: Португалия ганалықтарды тiзе бүктіргенiмен, 1/8 финалға шыға алмады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы Гананы 2:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

30-шы минутта Бойе португалдықтардың алғашқы голын салды. Дегенмен 57-ші минутта Асамоа Гьян есептi теңестiрдi. Матчтың 80-ші минутында Криштиану Роналду мундиальдағы алғашқы голын салып, өз құрамасын алға шығарды.

G тобында Португалия мен Гана топтан шыға алмады. 7 ұпай жинаған Германия мен 4 ұпайға ие болған АҚШ 1/8 финалға жолдама алды.