ӘЧ-2014: Равшан Ирматов төрешілер арасында рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалындағы Нидерланды мен Коста-Рика арасындағы ойынға төрелік еткен өзбекстандық арбитр Равшан Ирматов әлем біріншілігінің тарихында төрешілер арасында рекорд орнатты, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Бұл - Равшан Ирматов үшін Бразилияда өтіп жатқан мундиальдағы төртінші ойын. Бұған дейін, өзбекстандық төреші Швейцария - Эквадор, Хорватия - Мексика, АҚШ - Германия ойындарына төрелік етті. Ал 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатында Равшан Ирматовқа бес ойын сеніп тапсырылған еді. Оның ішінде жартылай финалдағы Нидерланды - Уругвай матчы болды. Осылайша, ол футболдан Әлем чемпионатында ең көп ойынға төрелік еткен арбитр атанды.