ӘЧ-2014: Ресей мундиальда бельгиялықтардан жеңiлiс тапты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 11-шi ойын күнiнде Ресей құрамасы Бельгиямен кездесу өткiздi.

Төмен жылдамдықта өткен матчта қарсыластар ойынның соңғы минуттарына дейiн гол сала алмай келдi. Дегенмен 88-минутта Ориги бельгиялықтарды алға шығарды. Айта кетейiк, ресейлiк команда мундиальда осымен екiншi матчты сүреңсiз өткiзiп отыр. Бұның алдында Оңтүстiк Корея құрамасымен кездескен олар 1:1 есебiмен тең түстi. Ал Бельгия құрамасы бұның алдында Алжир футболшыларын ұтқан.

Астана уақыты бойынша, 01:00-де Алжир мен Оңтүстiк Корея футболшылары алаңға шығады. Бұл ойынды да "Еуразия" Бiрiншi арнасынан" көруге болады.

Ал 04:00-де Португалия мен АҚШ өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны "Қазақстан" мен KazSport телеарналары тiкелей эфирде тарататын болады.