КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының «С» тобындағы Колумбия және Кот-д'Ивуар құрамалары арасында өтетін ойынның негізгі құрамы белгілі болды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Колумбия жағынан Оспина, Суньига, Сапата, Йепес, Армеро, Агиляр, К. Санчес, Куадрадо, Х. Родригес, Ибарбо, Гутьеррес ойынның алғашқы минутынан алаңға шықса, Кот-д'Ивуар құрамасының сапында Барри, Орье, Зокора, Бамба, Бока, Тиоте, Ди, Яя Туре, Градель, Бони, Жервиньо ойнайтыны анықталды.
Қазір Бразилияның астанасы Бразилиа қаласында «С» тобындағы Колумбия және Кот-д'Ивуар құрамалары арасындағы кездесу басталды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.