ӘЧ-2014: Суарес Англия құрамасының «тас-талқанын» шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан әлем чемпионатында Англия құрамасы Уругвайға жол бердi.Бұл матчтың қаһарманы, сөз жоқ, Луис Суарес болды. Англия премьер-лигасының ең үздiк шабуылшысы Л.Суарес ағылшындарға екi гол салып, өз командасына маңызды үш ұпай алып бердi.

Бiрiншi голды Суарес алғашқы таймның 39-минутында, қарымта шабуылдардың бiрiнде салып кеттi. Екiншi таймда ойынның 75-минутында Уэйн Руни есептi теңестiрiп, үмiт отын жаққан болатын. Алайда сол баяғы Суарес 85-минутта есептi 2:1-ге жеткiздi. Ойын соңына дейiн қызу тартыс болғанымен, нәтиже болған жоқ. Айта кетейiк, Англия осымен екiншi ойынын жеңiлiп отыр. Уругвай бұның алдында Коста-Рикадан ұтылған болатын.