Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
39 жасар шанхайлық Чжоу деген азамат теледидарды үш түн ұйқысыз, көз алмай көрудің салдарынан жексенбі күні қайтыс болды. Сондай-ақ, 25 жасар Сучжоу қаласы (Цзянсу провинциясы, Шығыс Қытай) тұрғынының да өлі денесі теледидар алдында табылған. Дәрігерлер оның да ұйқының қанбауы салдарынан өлгенін анықтады.
Әлемдік футбол біріншілігінің соңғы құрбаны Даляняның (Ляонин провинциясы, Солтүстік-Шығыс Қытай) 51 жасар тұрғыны болды. Ол достарымен бірге Нидерланды мен Испания құрамаларының ойынын (5:1) тамашалап жатқан кезде жүрегі тоқтап қалған.