ӘЧ-2014: Үздік шабуылшы Хамес Родригес қанша тұрады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Монако» футбол клубы жартылай қорғаушы Хамес Родригесті 80 млн. еуроға бағалады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Осылайша олар чемпионаттың ең үздік шабуылшысының арқасында 80 млн. еуро пайда түсірмек.

Әлем чемпионатында 6 гол салған 22 жасар Хамес Родригес «Манчестер Сити», «Реал» сынды ірі футбол клубтарының назарын өзіне қаратты. Жақында Родригестің өзі «Монакода» қалмайтынын мәлімдеген болатын. Үздік шабуылшы «Монакомен» 2018 жылға дейін шартқа отырған.

Айта кетейік, Хамес «Портудан» «Монако» футбол клубына 35 млн. еуроға ауысқан болатын. Францияда өткен чемпионатта Хамес Родригес 34 матч өткізіп, 9 гол салған.