ӘЧ-2014: Ван Персидің бірінші голынан кейін Twitter-де 183 мыңнан астам хабарлама жазылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Голландия құрамасының Испания командасымен кездесудегі соққан бірінші голынан кейін Twitter-де жанкүйерлер 183 мың хабарлама жазды.

Гол авторы - Нидерланды құрамасының шабуылдаушысы Робин ван Перси.

Матч кезіндегі ең көп талқыланғандар - Голландия құрамасының ойыншылары ван Перси, Роббен, де Врей, сонымен бірге Испания құрамасының ойыншылары Жерер Пике, Касильяс пен Серхио Бускетс болды. В тобындағы чемпиондар матчында қазіргі чемпион Испания құрамасы мен өткен әлем чемпионатының вице-чемпионы Голландия құрамасының арасындағы матч 1:5 есебімен аяқталды.