АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының 2017 жылғы әлем чемпионатындағы жарыс кестелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандастарымыз І дивизионының «В» тобында өнер көрсетеді. Алғашқы матчын 8 сәуірде бастайды. Әлем чемпионаты 8-15 сәуір арасында Польшаның Катовице қаласында өтеді.
Біздің қыздар Қытай, Польша, Латвия, Словакия және Италия құрамаларымен күш сынасады.
Қазақстан әйелдер құрамасының матчтар кестесі:
8 сәуір
20:30
Қытай - Қазақстан
10 сәуір
00:00
Қазақстан - Польша
11 сәуір
20:30
Латвия - Қазақстан
12 сәуір
17:00
Қазақстан - Словакия
14 сәуір
17:00
Қазақстан - Италия
Айта кетейік, сағаттар Астана уақытымен көрсетілген.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.