Айта кеткен жөн, бұл топта бірінші орынға осы екі құрама мен Голландия таласуда.
Стокгольмде өткен кездесудің соңғы минутында қонақтар қақпашысы Уго Льорис өкініші кетпейтіндей қателікке ұрынды. Оның алаңға жүгіре шығып тепкен добы тура швед Оло Тойвоненнің аяғының астына түсті. Мұндай мүмкіндікті қалай пайдаланбасын. Оның шірене тепкен добы бос қалған қақпаның торын тулатты.
6 турдан кейін Швеция мен Францияда 13 ұпайдан бар, Нидерландыда - 10, Болгарияда-9.
2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына осы топтан бір ғана команда барады.