Бұл туралы жұма күні «Интерфаксқа» құнды олжа тапсырылған Әлемдік мұхит музейінің ғылыми қызметкері хабарлаған.
«Тісті Гусевский құм карьерінен әкелді. Соңғы кездері осындай олжалар жиі табыла бастады. Өйткені Калининградта қарьерлер баршылық»,-дейді ол.
Зерттеушілер табылған тістің салмағы екі келіні құрайтындығын айтады. Ол 30-60 метр тереңдіктен табылған.
«Бұдан бұрын облыстың орталық бөлігінен ересек мамонттың 7 келі тартатын тісін әкелген»,-деп еске алады музей өкілі.