Бұл туралы "Россия-2018" ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
Бойтұмар атануға мысық, жолбарыс және қасқыр үмітті.
"Финалға шыққан үш кейіпкердің таныстырылымы 23 қыркүйекте өтеді және "Круг света" халықаралық фестивалінің маңызды бөлігіне айналады. Шарада бүкілресейлік дауыс беру үдерісі басталады. Оның қорытындысы бойынша, 21 қазанда турнирдің ресми бойтұмары анықталады", - делінген хабарламада.
2018 жылғы ӘЧ матчтары 14 маусымнан 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласының: Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Нижний Новгород, Саранск, Калининград, Волгоград, Екатеринбор, Самара, Сочи және Дондағы Ростовтағы 12 стадионда өтеді.