ӘЧ-2018: ФИФА-ның 21-ші футболдан әлем чемпионаты өтетін 12 стадион (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының жеңімпазының анықталуына небәрі бір-екі күн қалды.

Ал ресейліктер 2018 жылы өтетін мундиальға әзірлікке бар ынта-шынталарымен кірісіп те кетті.

Жоспар бойынша ФИФА-ның 21-ші футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында: Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самар, Санкт-Петербор, Саран және Сочиде өтеді. Дүбірлі дода өтетін бұл стадиондардың басым бөлігінің жобалау жұмыстары аяқталып қалды. Матчтар жалпы саны 12 аренада өтпек, деп хабарлайды koffboy.com.

Назарларыңызға сол стадиондардың сыртқы көріністерінің суреттерін ұсынамыз.

Волгоград қаласындағы футбол стадионы Калининград қаласындағы «Арена-Балтика» футбол стадионы Екатеринбург қаласындағы «Орталық» футбол стадионы Қазан қаласындағы «Қазан-Арена» футбол стадионы Нижний Новгород қаласындағы футбол стадионы Самар қаласындағы футбол стадионы Сочи қаласындағы «Фишт» футбол стадионы Мәскеу қаласындағы «Лужники» футбол стадионы Мәскеу қаласындағы «Ашық Арена» футбол стадионы Саран қаласындағы «Юбилейный» футбол стадионы Санкт-Петербор қаласындағы «Зенит-Арена» футбол стадионы Дондағы Ростов қаласындағы «Левбердон-Арена» футбол стадионы