ӘЧ-2018: ФИФА президенті дайындық мәселелеріне байланысты Ресейге барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының президенті Йозеф Блаттер өткен демалыс күндері 2018 жылғы әлем чемпионатына дайындық мәселелеріне байланысты Ресейге жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы ФИФА-ның баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылғы әлем чемпионатының матчтары Ресейдің 11 қаласында 12 стадионда өтеді деп жоспарлануда. Олар: Мәскеу ("Лужники" және "Ашық-Арена" стадиондары), Санкт-Петербор, Қазан, Төменгі Новгород, Саранск, Калининград, Волгоград, Екатеринбор, Самара, Сочи және Дондағы Ростов қалалары. Әлемдік біріншілік 8 маусым мен 8 шілде аралығында өтуі мүмкін.