Бұл туралы Marca хабарлады.
Егер команда ширек финалға шыға алмай қалса, сыйлықақыдан қағылады.
Бұдан бұрын БАҚ Бразилия құрамасына әлемдік біріншілікте жеңіске жетер болса 1 миллион еуродан берілетіндігін хабарлаған болатын.
Еске сала кетсек,2010 жылғы әлем чемпионатында алтын еншілеген испандықтар 600 мың еуродан алған. Ал 2014 жылы 720 мыңнан алуы тиіс еді. Бірақ команда топтан шыға алмады.
Биылғы әлем чемпионатының матчтары 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.
Испандықтар В тобында Португалиямен (15 маусым, Сочи), Иранмен (10 маусым, Қазан) және Мароккомен (25 маусым, Калининград) кездеседі.