Оның айтуына қарағанда, Бразилия, Германия, Испания және Франция командаларының футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуге мүмкіндіктері мол, деп жазады TyC Sports.
« Испания өте күрделі қарсылас. Ал әлем чемпионатында жеңіске жетуге мүмкіндіктері бар командаларға келер болсақ, бұлар - Испания, Бразилия, Германия және Франция құрамалары. Кілең мықтылар. Біз, бәріміз әлем чемпионатын ұтқымыз келеді», - деді Месси.
Еске сала кетсек, футболдан кезекті әлем чемпионаты 2018 жылғы 14 маусым - 15 шілде аралығында 11 қалада: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижнем Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи және Екатеринбургте өтеді.