Қазақстан күтпеген жерден ең нәтижелі командалардың үштігіне енді. Құрама өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеген командалар кестесінде Германиядан кейін екінші орынға тұрақтады.
Қазақстандықтар турнирдегі 6 ойында қарсыластарына 149 соққы жасап, олардың 21-і қақпа ішінен табылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының пайыздық көрсеткіші 14.09 болды, Германиянікі - 14.29. Мысал ретінде алғанда АҚШ-тікі — 9.92 болса, Ресей соққыларының 11.63 пайызын дәл көздеді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Италияны 11:3 ойсырата жеңіп, В тобында көш бастады.