2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матч АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Lumen Field стадионында өтті.
Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Сенегал құрамасы сапында Хабиб Диарра мен Исмаила Сарр мергендік танытса, Бельгия құрамасы үшін Ромелу Лукаку мен Юри Тилеманс гол соқты.
Жеңіс голы қосымша уақыттың 120 5-минутында соғылды. Юри Тилеманс пенальтиді сәтті орындап, Бельгия құрамасына 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.
Топтық кезеңде Бельгия құрамасы G тобында бірінші орын алса, Сенегал I тобында үшінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Биыл әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы.
Айта кетейік, Гарри Кейннің қос голы Англияны әлем чемпионатының 1/8 финалына шығарды.