ӘЧ-2026: екінші жартылай финалда Англия мен Аргентина кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші жартылай финалында Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz .

Фото: mannattvpunjabi.com

Матч сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні АҚШ-тың Атланта қаласындағы 71 мың көрерменге арналған «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Кездесуге америкалық төреші Исмаил Эльфат бастаған қазылар бригадасы қызмет көрсетеді.

Ойынның тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 00:00–де Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Ширек финалда Англия құрамасы қосымша уақытта Норвегияны жеңсе, Аргентина экстра-таймда Швейцариядан басым түсті.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатын үш рет (1978, 1986, 2022) жеңіп алған. Ал Англия бұл атақты әзірге бір рет — 1966 жылы иеленген.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатында Испания Францияны жеңіп, финалға шықты