Кездесу Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плэйс» стадионында өтті. Негізгі және қосымша уақытта екі команда да есеп аша алмады. Қарсыластар қорғаныста сенімді ойнап, қауіпті сәттерді голға айналдыра алған жоқ.
Осылайша матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл сында Швейцария футболшылары дәлірек соққы жасап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Колумбия бұған дейін 1/16 финалда Гананы 1:0 есебімен жеңген еді. Ал Швейцария Алжирден 2:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге шыққан еді.
Айта кетейікғ Швейцария енді ширек финалда Аргентина құрамасымен кездеседі. Аргентина 1/8 финалда Мысырды 3:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ ¼ финалда Франция – Марокко, Испания – Бельгия, Норвегия – Англия шеберлік байқасады.
Ал бұдан бұрын Испаниядан жеңілген Португалия құрамасы ширек финалдан тыс қалды.