Швейцариялық футболшылар плей-офф сатысында Алжирмен жасыл алаңға шықты.
Кездесу барысында Мұрат Якин баптайтын құраманың жинақылығы көзге көрініп тұрды. Алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысқан олар жылдам гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Брил Эмболо 10-минутта мергендігімен көзге түссе, 46-минутта Дан Ндой көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша швейцариялық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде ойын барысы осындай қарқында көрініс берді.
B тобында ойнаған Швейцария Канаданы 2:1, Босния және Герцогвинаны 4:1 есебімен жеңсе, Қатармен 1:1 есебімен тең түсті. Нәтижесінде 7 ұпаймен бірінші орынмен плей-офф сатысына жолдама алды.
Оның қарсыласы — Алжир J тобында 4 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Аргентинаға 0:3 есебімен ойсырай жеңілген олар Аустриямен 3:3 есебімен тең түссе, Иорданияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, қазірге дейін 1/8 финалға шыққан 13 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия құрамалары бар.
Енді бүгін, 3 шілдеде және шілденің 3-нен 4-не қараған түні плей-офф сатысында Аустралия — Египет, Аргентина — Кабо-Верде, Колумбия — Гана шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды.