12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Гарденс қаласындағы «Хард-Рок» стадионында Норвегия мен Англия құрамалары кездеседі.
Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Сағат 06:00-де қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы жартылай финал жолдамасы үшін Швейцариямен ойнайды. Кездесу АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласындағы «Арроухед Стэдиум» аренасында өтеді.
Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық матчы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында болады.
Бұған дейін әлем чемпионатының жартылай финалына Франция мен Испания құрамалары жолдама алған болатын.