АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандасымыз қысқа бағдарламадан 90,18 ұпай жинап, әзірге үшінші орында келеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының басты фавориттері саналатын спортшылар жарыс жолына енді шықпақ. Олардың қатарында әлем екі дүркін чемпионы испаниялық Хавьер Фернандес, канадалық Патрик Чан және америкалық Джейсон Браун бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.