АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатқан әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль салды, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
48 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан Назым ширек финалда әлем біріншілігінің үш мәрте күміс жүлдегері атанған тәжірибелі румыниялық боксшы Стелюта Дутадан айласын асырды. Енді Қазақстан боксшысы финалға жолдама алу үшін 23 қараша күні жапондық Мадока Вадамен жұдырықтасатын болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.