ӘЧ: Этникалық қазақ Өзбекстанға 24 жылдан соң күрестен алтын медаль сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM — Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Айтжан Қалмаханов чемпион болды. 

Фото: Facebook / unitedworldwrestling

63 келі салмақта өнер көрсеткен Қалмаханов шешуші кездесуде оңтүстіккореялық Чунг Хан-Джаені жеңді.

Бұл өзбекстандық спортшының 24 жылдық үзілістен соң грек-рим күресінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтын медалі болды болды.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы бұл жарыста 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді еншіледі.

Еске сала кетейік, қазақстандық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алды.