ӘЧ: Илья Ильин жұлқа көтеруде үшінші орынға тұрақтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жұлқа көтеруде үздік үштікке енді. Спортшы жұлқа көтеруде 190 келіні еңсеріп, үшінші орынға тұрақтады.

105 келі санатында ерлер арасында бірінші орында әзірге өзбекстандық спортшы Руслан Нуруддинов тұр. Оның еншісінде - 193 ұпай. Ал үшінші мүмкіндігін мүлт жіберген қытайлық спортшы Ян Чже 191 ұпаймен екінші орынды иеленді.