Павлодарда өткен матчта алаң иелері 9-шы минутта Мидтің соққан голын жіберіп алды. Үзіліске дейін қонақтар Дэйлидің арқасында тағы бір гол салды. Екінші таймда Кристансен, Станнифорт, Мид және Бронз есепті ағылшындықтардың пайдасына 6:0-ге жеткізді.
Бұл қазақстандықтар үшін қорытынды ойын болды. Біздің құрама 3 ұпаймен, кестеде соңғы орынды иеленді. Ағылшындықтар мерзімінен бұрын келесі айналымға шықты.
Футболдан әйелдер Ұлттық құрамасы матч алдында Павлодарда жанкүйерлермен кездескен болатын. Олардың сұрақтарына жауап беріп, қолтаңба таратқан еді.