ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы боксшыларының қарсыластары белгілі болды

Фото: Фото: Сали Сабиров

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Жеребе нәтижесінде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Олардың жекпе-жекті жарыстың қай сатысынан бастайтыны белгілі болды. 

Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Финал 16 наурызда болады.

Барлық салмақтағы жеребе нәтижесі:

48 келі. 1/8 финал: Назым Қызайбай — Николь Дурикова (Словакия);
50 келі 1/16 финал: Алуа Балқыбекова — Нзива (Кения);
52 келі. 1/16 финал: Анита Адишева — Патино Хуарез (Мексика);
54 келі. 1/16 финал: Жайна Шекербекова — Бекера Монтесинос (Колумбия);
57 келі. 1/8 финал: Карина Ибрагимова — қарсыласы 1/16 финалдан кейін анықталады
60 келі. 1/8 финал: Виктория Графеева — София Легаки (Греция);
63 келі. 1/8 финал: Аида Әбікеева — қарсыласы 1/16 финалдан кейін анықталады
66 келі. 1/8 финал: Жасмин Қизатова — Ивануса Морейра (Кабо-Верде);
70 келі. 1/8 финал: Наталья Богданова — Мас Мартинез (Испания);
75 келі. 1/8 финал: Надежда Рябец — Корома (Сьерра-Леоне);
81 келі. 1/8 финал: Гүлсая Ержан — Янг (Қытай);
81 келі. 1/8 финал: Елдана Талипова — Олтин Сотимбаева (Өзбекстан).

Еске салсақ, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатының ақшалай жүлдесін жариялады.

Дүбірлі додада чемпион атанған боксшы 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегер атанған боксшылар 50 мың, қола медальға қол жеткізген боксшыларға 25 мың АҚШ доллары алады.