Байрақты бәсекеде әйелдер арасында 75 келіден жоғары салмақта бақ сынаған жерлесіміз Надежда Ногай бесінші сатыдан көрінді. Бұл сында бірінші орынды ресейлік Татьяна Каширина, екінші орынды қытай қызы Мен Супин, ал үшінші орынды солтүстіккореялық Кук Хьян Ким еншіледі.
Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Хьюстон (АҚШ),
Әйелдер. 75 келіден жоғары.
1. Татьяна Каширина (Ресей) - 333 (148 185)
2. Мен Супин (Қытай) - 325 (145 180)
3. Кук Хьян Ким (КХДР) - 298 (130 168)
5. Надежда Ногай (Қазақстан) - 292 (131 161).