«Илья - нағыз машина. Одан бәрін күтуге болады. Мен тіпті 239 келі көтерсем де бәрібір оған жете алмайтынымды білдім. Бірақ та, іштей үмітімді үзбедім. Дегенмен, негізгі сайыс Олимпиадада болады», - деп атап өтті өзбек ауыратлеті сенбі күні баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, қоссайыс қорытындысында И.Ильин 432 келіні (190 242) көтерді, сөйтіп, төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Екінші орынды өзбекстандық Р.Нуридинов еншіледі - 432 келі (193- 239), үшінші орында ресейлік Давид Беджанян - 427 келі (187 240).