Ачинскідегі оқ-дәрі қоймасында болған жаңа жарылыстан 9 адам зардап шекті
21:50, 09 Тамыз 2019
АЧИНСК.ТАСС-ҚазАқпарат – Ачинск қаласы түбіндегі оқ-дәрі қоймасында болған жаңа жарылыстан тоғыз адам зардап шеккен. Бұл туралы Ачинск ауданаралық орталық ауруханадан мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Өлке губернаторыбаспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жарылыстар минадан тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Ал күшқұрылымдарының мәлімдеуінше, жаңажарылыстарға найзағай себеп.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқ-дәрі алаңына жай түскен,салдарынан екі жарылыс болған.
Шұғыл қызметтегі дереккөздің айтуынша, әскери қоймаға жақынтұрған үйлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялап жатыр.