Activ банкі жастар бастамасын қолдауға арналған жоба аясында қорытынды кездесу өтті
Кездесу барысында басқарма комитеттердің қызмет барысы талқыланып, олар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында GSM Қазақстан/Kcell және Орталық Азиядағы Еуразия қоры комитет мүшелері үшін жобаны басқару бойынша арнайы тренинг өткізді.
Орталық Азиядағы Еуразия қорының директоры Ринад Темірбековтің айтуынша, өткен жылы Activ жастар идеялары банкі еліміздің 4 қаласындағы бастамашыл топтарға, сондай-ақ, жеке тұлғаларға 18 әлеуметтік маңызы бар кіші жобаларды іске асыруға грант бөлген. «Арнайы өлшеммен таңдап алынған жобалар талантты жастарды қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, мәдени және спорттық шараларды өткізуге, волонтерлікті, патриотизмді, құқықтық сауаттылықты дамытуға бағытталған», деді ол.
"Мен үшін "Жастар идеялары Activ банкі" - өмірімдегі ең басты салалардың бірі. Мен бұл жобаға атсалысқалы бері, қоғамдық жұмыстармен айналысқым келетіндігімді түсіндім. Біз өз командамызды құрдық, бізге қосылушыларды да қабылдап, білгенімізді үйретудеміз. Мен Қазақстандағы Жастардың банк жүйесін құруға өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан тұтамын", деп атап өтті Өскемен қаласындағы Жастар идеялары Activ банкі комитетінің президенті Зарина Жұмағалиева.