«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты құзырлы органдарға міндет жүктеді.
— Өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге жұртшылықты, қауымдастықтар мен бірлестіктерді кеңінен тартуды қамтамасыз ету қажет. Ортақ іске бар күшті жұмылдыра отырып, отбасылық дәстүрлі құндылықтарды, қоғамдағы дұрыс мінез-құлықты, мәдени мұраларға ұқыпты көзқарасты, отаншылдық қасиеттерді сіңіруге тиіспіз. Аталған бағыттар «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасында ескеру қажет. Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті түзетулерді енгізсін, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бұған дейін Премьер-министр қоқыс тастайтын адамдарға жазаны қатаңдатуды тапсырды.
Өз кезегінде Экология министрі қазақстандықтар қандай экологиялық проблемаларға жиі шағымданатынын айтты.