Партия өкілдері Ақтөбе қаласының қоғамдастық өкілдерімен Өнер академиясында кездесіп, үгіт-насихат жүргізді.
«ADAL» партиясы өкілдерінің айтқандарын тыңдап, өздерінің мұң-мұтаждықтарын ортаға салу үшін кездесуге бизнес өкілдері, жастар мен түрлі ұйым, мекемелердің қызметкерлері жиналды.
Партия мүшелері өз ұйымдарының басымдықтарын жан-жақты жеткізді және осы басымдықтардың барлығы олардың басты мақсатын жүзеге асыруға, яғни қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталғандығын айтты.
Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Дәулет Мұқаев, «Биг Шанхай», «Самғау», «Орда Базар» сияқты елордада орналасқан базарларда болды. Дәулет Мұқаев онда азаматтарды партия бағдарламасымен таныстырып, оның басымдықтары туралы әңгімеледі.